Мыңнан аса сарбаздың несиесі шегерілді
Мыңнан астам сарбаздың 300 млн теңге шамасындағы несиесі кейінге қалдырылды. Бас әскери прокуратура әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыруға сеп болды. Мәселе мынада: әскерге шақырылған азаматтар туралы деректерді мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында құжат алмасу жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Соның салдарынан кейбір сарбаздар несие төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігін уақытында пайдалана алмай келді дейді Әскери прокуратура. Қадағалау актісінің негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен тиісті жұмыс жүргізді. Қаржы ұйымдарына әскери қызметшілердің құқықтарын қатаң сақтау тапсырылды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04