Ресейде адыраспанмен ұсталған азаматтарға құқықтық көмек көрсетіледі
Ресейде адыраспанмен ұсталған Қазақстан азаматтарына елшілік және өңірлердегі бас консулдықтар тарапынан құқықтық көмек көрсетіледі. Еліміздің Ресей Федерациясындағы консулдық мекемелерінің жедел желісі де іске қосылды. Соңғы екі жылда Ресейге адыраспан әкеліп, түрмеге қамалған шетелдіктердің, оның ішінде қазақстандықтардың саны артты. Бұл өсімдік көрші елде есірткіге теңестірілген, құрамында психотропты заттар бар, - дейді құзырлы органдар. Сондықтан адыраспанды әкелгендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ғазиз Ағыбаев, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы консул-кеңесшісі:
Сонымен қатар адыраспан әкелгендер, қолданғандар 500 мың, 1 миллион рубльге дейін айыппұл арқалайды. Ең азы 5 жылға түрмеге қамалады. Біздің азаматтарымыз өте сақ болуы тиіс. Консулдық қызметке бізге өтініш түскен жағдайда сот органдарында құқық қорғау мәселесі бойынша құқықтық көмек көрсетеміз.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04