Иранда шабуылдан мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты
Иранда 28 ақпаннан бері АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдарынан мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың 181-і - жасы 10-ға толмаған балалар. 5400-ден астам адам жараланған. Бұл ақпаратты Американың Адам құқықтарын қорғаушыларының жаңалықтар агенттігі жариялады. Әуе шабуылдары әлі жалғасып жатыр. АҚШ әскерилері Иранда екі мыңдай нысанға соққы бергенін мәлімдеп отыр. Ал Дубайдағы АҚШ консулдығы маңындағы көлік тұрағына дрон құлады. Нью-Йорк Таймс газетінің хабарлауынша, марқұм Аятолла Әли Хаменейдің ұлы Иранның жоғары лидері лауазымына басты кандидат атанған. Моджтаб Хаменейдің кандидатурасын Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы қолдап отыр.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04