Семейде ойын-сауық орталығы өртенді
Семейде «Bala park» ойын-сауық орталығы өртенді. Оқыс оқиға кеше кешке болған. Қызыл жалын тұтанғанда онда болған адамдар сыртқа шығып үлгерген. Орталық отбасылық, әсіресе балалардың демалысына лайықталған қаладағы ең үлкен ғимараттың бірі. Түрлі атракцион мен кафе орналасқан. Адамдар аман. 11 тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Оның төртеуі бала. Төрт адам ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары тұрақты. Қатты оттан ғимарат шатырының бір бөлігі опырылған. Шығын көлемі есептеліп жатыр. Өрттің шығу себептері де анықталуда.
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04