Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
Жыл басынан бері 27 мыңнан астам адам онлайн курсты аяқтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мәліметке сәйкес, азаматтар кәсіби оқытуға арналған Skills Enbek платформасы арқылы білім алған. Олардың шамамен 9,9 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Курс оқығандардың арасында жастар да көп. 16 мен 35 жас аралығындағы 2 мыңнан астам жас онлайн оқуды тәмамдаған. Ең белсенді қатысушылар Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды облыстарының тұрғындары болды. Қазіргі уақытта платформада 570 оқу курсы қолжетімді. Оның 300-ден астамы тегін. Оқуға Skills.Enbek.кz сайтында немесе электронды еңбек биржасы арқылы тіркелуге болады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04