Астанада әуе рейстері кешігіп жатыр
Елорда әуежайында 20 рейс
кейінге шегерілді. Бұған қолайсыз ауа райы мен әуе компанияларының операциялық қызметі
себеп. Әуежай мәліметінше, Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда,
Бішкек және Омбы бағыттарына ұшуы тиіс 11 рейстің уақыты өзгерген. Сонымен қатар
Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омбы бағытындағы тағы 9 ұшақ кешігіп ұшады.
Бұдан бөлек, ауа райының нашарлауына байланысты 11 рейс толық тоқтатылды.
Жолаушыларға ұшып-қонудың нақты уақытын авиа компаниялардың немесе әуежайдың
ресми сайтынан бақылап отыруға кеңес берілді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04