Жетісу облысында балықшы мен құтқарушы қаза тапты
Жетісу облысындағы Алтынкөл көлінде құтқару операциясы кезінде төтенше жағдайлар қызметкері қаза тапты. №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дамир Таранов мұз жарылып, суға батқан балықшыға көмек қолын созуға асыққан.
Алайда құтқару кезінде мұз қайта опырылып, балықшы мен құтқарушы жан тапсырды. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 наурыз күні болған. Дамир Таранов 31 жаста еді. Азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметін 2012 жылы бастап, Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының өрт бөлімдерінде еңбек етті. Соңғы жылдары Панфилов ауданындағы №11 бөлімде қызмет атқарған.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04