Иран АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігін атқылады
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, екі қарсыласынан кек алу үшін Иран Ирак астанасы Бағдаттың үкіметтік мекемелері мен шетел елшіліктері орналасқан «Жасыл аймағына» соққы берді. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, үш дрон мен бір ракета АҚШ-тың дипломатиялық миссиясына бағытталып, снарядтардың бірі ғимараттың ішіне кірген. Cонымен қатар өткен түні Ислам Республикасының әуе күштері Израильге де шабуыл жасады.
Ал Біріккен Араб Әмірліктері Ираннан төнген ракеталық және дрондық қауіпке байланысты өзінің әуе кеңістігін уақытша жауып, бірер уақыт бұрын оны қайта ашқан.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04