Израиль Президенті референдумның табысты өтуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Израиль Президентімен телефонмен сөйлесті. Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі талқыланды. Израиль Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді. Мемлекет басшысы халықаралық даулы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешу керек деп санайды. Израиль тарапы еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04