БҚО-да «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтті
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтіп, жол бойы көң-қоқыстан арылды. «Amanat» партиясының Сырым аудандық филиалы ұйымдастырған экологиялық акция асында Жымпиты ауылы аумағы мұнтаздай тазарды. Іс-шара қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау мен тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шарада партия мүшелері, жастар белсенділік танытты. Абаттандыру аясында 1 тоннаға жуық қоқыс қалдығы жиналды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04