Еуразиялық үкіметаралық кеңесте 12 құжат қабылданды
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы аяқталды. Жиында еуразиялық интеграцияны дамыту, нақтырақ айтқанда өнеркәсіптік кооперация мен технологиялық жетістіктер мен кедендік реттеу жайы талқыланды. Нәтижесінде 12 құжатқа қол қойылды. Бұл құжаттарға сәйкес, өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды іріктеу және қаржыландыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Еуразиялық технологиялық платформаларды құру ережесі бекітіліп, макроэкономикалық жағдай және тұрақты даму бойынша ұсыныстар қаралды. 2026–2030 жылдарға арналған тұтынушылар құқығын қорғау бағдарламасы қабылданды. Бұл интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға және мемлекеттердің тұрақтылығын нығайтуға сеп болмақ. Кеңестің келесі отырысы тамызда Қырғызстанда өтеді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04