«Жер сағаты» экологиялық акциясына әлемде 2 млрд-тан астам адам қатысты
28 наурыз күні елімізде Жер сағаты экологиялық акциясы өтті. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да көпқабатты үйлер, кеңселер және көше ғимараттарының жарығы бір сағатқа сөндірілді. Жалпы бұл акция Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының ұйымдастыруымен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара. Ұйым осы акция арқылы планетаның болашағына бей-жай қарамауға шақырады. Биыл еліміз бойынша 500-ден астам нысан акцияға қатысты. Оның ішінде Ақорда резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, спорт нысандары, оқу орындары, өндірістік мекемелер және өзге де ғимараттар қосылды. «Жер сағаты» - бұл планетадағы ең ірі экологиялық науқан болып саналады. Оған дүниежүзінде 2 млрд-тан астам адам қатысады.
Автор
Ақниет Балтанова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04