Ақмола облысындағы Шағалалы ауылында көпірді су шайып кетті
Ақмола облысының Шағалалы ауылындағы көпірді су шайып кетті. Салдарынан өзеннің арғы бетіндегі 28 үй қатынассыз қалды. Құтқарушылар қайықпен 16 адамды тасымалдап, тұрғындардың үйіне жетуіне және азық-түлік алуына көмектесті. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, балама жол бар. Алайда қысқа жолға үйренген тұрғындар үшін өткел ұйымдастырылған. Төтенше қызмет өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде өзендегі судың деңгейі төмендеп келеді. Оқиға орнында арнайы техника жұмыс істеп, ірі мұздардың көпірді бұзбай өтуіне жағдай жасады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04