NASA 54 жылда алғаш рет Айға адам ұшырды
Америка Құрама Штаттары «Артемида-2» миссиясымен 1972 жылдан бері алғаш рет Айға пилотты ғарыш кемесін аттандырды. Оның бортында төрт астронавт бар. Бұл экипаж Айдың айналасында 10 күн саяхаттауы керек. Зымыран мен «Орион» кемесі Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі айлақтан көкке самғады. Американың ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА-ның мәлімдеуінше ғарышкерлер Жерден 406 мың шақырым ұзауы керек. Адамзат тарихында астронавтар планетамыздан ешқашан мұндай биіктікке көтерілмеген. Айта кетсек, қазір АҚШ пен Қытай арасында ғарышты игеру жолында үлкен бәсеке жүріп жатыр. Бейжің Айға адам қондыруды 2030 жылға жоспарлап отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04