Ақтауда аяғы ауыр әйелдерді алдаған есепші сотталды
Ақтауда жүкті әйелдерді жұмысқа орналастырамын деп алаяқтыққа барған есепші бес жылға сотталды.
Ол өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған
мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ойлап тапқан. Сол үшін әлеуметтік желіде жарнама жасап,
жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесемін деп, уәде еткен. Схеманы жүзеге асыру
үшін туыстары мен таныстарының атына қағаз жүзінде бірнеше жеке кәсіпкерді
тіркеген. Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге
көлемінде залал келтірілген. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа үш бөлмелі
пәтер сатып алған. Сот үкімімен есепші 5 жылға сотталып, пәтері тәркіленді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04