Семей полициясына 137 қызметтік көлік берілді
Семейде бүгін полиция қызметкерлеріне бірден 137 қызметтік көлік берілді. Соңғы үлгідегі автокөліктердің кілтін облыс әкімі салтанатты түрде табыстады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан былтыр полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тәртіп сақшыларын жаңа техникамен қамтамасыз ету сол жұмыстың жалғасы, дейді өңір басшысы. Нәтиже де жаман емес. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы үш айда құқық бұзу деректері 18 пайызға төмендеген.
Бауыржан Алдоңғаров, учаскелік полиция инспекторы:
Бүгін бізге көліктер беріліп жатыр. Заманауи. Бұл көліктердің өте қажет, шақыруларға уақытында жетуге септігін тигізеді. Менің қызмет атқаратын учаскем - Шығыс кенті. Осы аумақтарда қызмет атқаруға көліктердің септігі тиеді.
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04