Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
Азаматтарға емханаларға барғаннан кейін телефонына түсетін күмәнді қоңыраулар көбейген. Ақ халаттылардың атын жамылған алаяқтар әсіресе егде жастағы адамдарды құрығына түсіріп, өздерін емхана қызметкері ретінде таныстырады. Бұл кең таралған алдау схемаларының бірі. Мақсат - тұрғындарды жаңылыстыру арқылы олардың жеке деректері мен қаржылық сервистеріне қол жеткізу. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз тұлғаларға SMS-кодтарды және жеке деректерді бермеуге шақырады. Мамандарға келу үшін ешқандай растау код талап етілмейді. Олар тек сіздің аты-жөніңізбен қабылдау жазбасын нақтылайды.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04