Израиль Ливанға шабуылын үдетті
Иранға қарсы шабуылды тоқтатқан Израиль Ливандағы «Хезболла» тобына қарсы операциясын күшейтті. Әуе соққыларымен бірге құрлықтағы іс-қимыл да жалғасып жатыр. ЦАХАЛ Иранмен жасалған уақытша бітім күші «Хезболлаға» тарамайтынын ескертті. Бұған дейін Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф бұл келісімнің Ливанға да қатысы бар деп мәлімдеген еді. Ливанның мемлекеттік ақпарат қызметі Израиль елдің оңтүстігіне оқ жаудырып жатқанын хабарлады. Снаряд аурухана маңына құлап, 4 адам қаза тапқан. Ал Сидон қаласында 8 адам оққа ұшып, 22 адам жараланды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04