Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина науқастарға салына бастады
Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина науқастарға салына бастады. Осыған дейін клиникалық зерттеулерден өткен екі екпенің бірі меланоманы емдеу үшін шығарылса, екіншісі колоректальды ісікке қарсы. Екі вакцина да ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіріп, аурудың дамуын тежеуге бағытталған. Алғаш екпені қабылдаған 60 жастағы науқас меланома, яғни терінің қатерлі ісігімен күресуде. Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде енді өкпенің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
Жалпы қатерлі ісікке қарсы бірнеше екпе шығару жоспарда бар. Оларды жасау үшін онкологиялық ауруды қоздырғыш вирустар қолданылады. Бұл препараттар науқастар үшін тегін болуы тиіс. Себебі елде аты жаман ауруға шалдыққандардың саны күрт артты.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04