Астана маңындағы ауылдарға газ тартылады
Биыл Астана маңындағы Қызылсуат, Қаражар, Тайтөбе ауылдарына газ тартылады. Сондай-ақ, Қараөткел елді мекені мен Қосшы қаласын газдандыру жұмысы жалғасады. Бас қаланы газдандыру жұмысы 80 пайызға аяқталды. Бүгінде Астана қаласы мен оның маңайындағы 12 елді мекенге табиғи газ тартылды. Абонет саны 22 мыңға жуықтады. Былтыр «Тельман», «Кірпішті», «Үркер» сынды елді мекендер, ал жыл басында «Шұбар» тұрғын алабы газға қосылды. Ондағы газ құбырының жұмысын бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылып жатыр.
Ержан Балабеков, «Qazaqgaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры:
Бас жоспарға сәйкес газдандыру жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Биылдыққа жоспарға «Өндіріс» тұрғын алқабы, «Казгородок» тұрғын алқабын газдандыру жоспарланған және Гарден Виллидж газға қосылады деген жоспар бар.
Айдос Қайыпұлы, Қараөткел ауылының тұрғыны:
Ертеде көмір жағып, көмірді кіргізіп, көмірді шығарып, күлді шығарып, сөйтіп жүруші едік. Қазір бәрі тамаша. Газ қолжетімді. Турасын айтқанда, үй ыстық негізі. Үй жылы тамаша.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04