LRT екі-үш аптада іске қосылады
Астанадағы жеңіл рельсті көлік, яғни, LRT алдағы 2-3 аптада іске қосылуы мүмкін. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Қоғамдық көліктің барлық сынақ жұмыстары сәтті өткен. Қазір 18 пойыз дайын, аралығы шамамен 3,5 минут болады. Жылдамдығы да жоғары. «Абу-Даби Плаза», «Ботаникалық бақ», «Астана Арена», Mega, әуежай және жаңа вокзал станциялары дайын. Қазір станциялардың айналасын реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаздың соңына дейін тас жолдар төселіп, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болады. Әкімнің айтуынша, қыста қар тазалайтын арнайы техника алынып жатыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04