Ақмола облысында астық өңдеу зауыты салынады
Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауыты салынады. Заманауи технологиялық нысан Aqmola индустриялық аймағында 500 гектар аумақта салынып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойып, инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Жалпы инвестиция көлемі 300 млрд теңге, кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 6 млн тоннаға дейін жетеді. Зауытта ұн және жарма өнімдерінен бастап ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жемге дейін шығарылмақ. Кәсіпорында шамамен 800 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ермек Кенжеханұлы, Ауыл
шаруашылығы вице-министрі:
Жоба мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді тамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында әзірленген. 00:31 Жобаның экономикалық тиімділігі жоғары. Астықты ел ішінде терең өңдеу шикізатты экспорттаумен салыстырғанда өнімн.ің қосылған құнын 5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие терең терең өңделген өнім экспортының өсуі күтіледі.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04