Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» шарасы өткізілді
Кітап оқуды насихаттау – бұл тек мәдениетті арттыру ғана емес, саналы қоғам қалыптастырудың жолы.
Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» деген атаумен өткен шарада интеллектуалды ойындар, поэзиялық шеру, кең
көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылды. Олардың қатарында Абай Құнанбайұлы, Әбу
Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауидің еңбектері де бар. Оқушылар заманауи балалар
әдебиетімен және жастар арасында көп оқылған шығармалармен танысып, жасанды
интеллектіге негізделген жобаларды тамашалады.
Елдана Ыбыраева, оқушы:
Мен кітап оқуды жақсы көремін және барлық балаларға кітап оқуды кеңес беремін. Маған кітап өте көп білім, өнер берді және де мен кітаптарды оқып, көптеген мәліметтер білдім.
Есболат Айдабосын, жазушы:
Ішкі діңі мықты болады, кітап көп оқитын адамның. Сондықтан мынау жастардың бойына қазірден бастап ұлттық иммунитетті берік қалыптастырып тастауымыз керек. Ұлттық иммунитеттің дәнегін осы әдебиет арқылы егіп тастауға болады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04