Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
Енді шекара арқылы жүк тасымалдайтын азаматтардың жұмысы жеңілдейді. Себебі қаптаған құжатты қайта-қайта ешкім тексермейді. Бұл туралы бүгін Сенатта Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биылдан бастап елімізде Smart Cargo бірыңғай терезесі пилоттық режимде іске қосылып жатыр. Сол арқылы жүргізушінің құжаттары цифрландырылып, жасанды интеллект енгізіліп, тексеріс жойылады.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:
Жүргізуші шекарадан, Қытайдан шығып бара жатса, қолында мынандай бір папка болады. Өзінің куәлігі, құжаты, көліктің документтері сияқты қағаздар болады. Оның бәрін бір жерге енгізіп, алдыңғы терезесінде QR-код болады. Сонда бәрі көрініп тұрады, жүргенде оны ешкім тоқтатпайды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04