БҚО-да автогазды жеткізу артады
Батыс Қазақстан облысында автогазға сұраныс 20 %-ға артқан. Өңірде үш жыл бұрын сұйытылған отынды тұтыну көлемі 55 мың тонна болса, өткен жылы 66 мың тоннаға дейін өскен. Газды пайдаланатын көліктер саны да жылдан жылға артып келеді. Сондықтан логистикада іркілістер болуы мүмкін. Мәселені шешу үшін өңірде отын жеткізу көлемі ұлғайтылады. Орташа айлық лимит 3 500 тоннадан 4 600 тоннаға дейін көтеріледі. Аймақта автогаз бағасы литріне 85 теңгеден, ал шалғай аудандарда 90 теңгеден сатылады. Мамандардың айтуынша, отынның жүйелі тапшылығы болмайды, жағдай бақылауда.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04