Елордада робототехникадан V халықаралық чемпионат басталды
Елордада робототехникадан V халықаралық чемпионат басталды. Екі күндік додада Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан елдерінің 9 бен 17 жас аралығындағы үздік робототехниктері бақ сынайды. Биылғы чемпионатқа шетелден рекордтық көрсеткішпен 45-тен астам команда келді. Жарыс алаңына еліміздің 20 аймағындағы іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары қатысып жатыр. Жалпы саны 220-ға жуық команда 9 санат бойынша жарысады. Аталған чемпионат цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп отыр және бес жыл ішінде Қазақстанның IT және инженерлік білім беру саласындағы танымал елдік брендіне айналды.
Нұрбол Әбілтай, информатика пәні мұғалімі /Ақтөбе/:
Төрт команда, екі оқушыдан 8 оқушы алып келдік. Инвест сызық бойымен олар роботпен линиямен жүріп өтеді. Роботекте кубиктер де өз миссиясын орындайды. Біздің негізгі мақсатымыз – жүлде алу емес. Оқушыларды осындай жарыстарға, роботтарға, инженерияға және ІT саласына бағыттау. Алдағы мамандықтарына бағыт беру.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04