Қызылордада 16 жастағы студент жатақханада ауыр соққыдан көз жұмды
Қызылордада медициналық колледждің студенті жатақханада өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы жасөспірім ауыр соққыдан көз жұмған. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімді ұрып өлтірді деген күдікпен жоғары курстың студенті қамауға алынған.
Асылбек Бексейітов, ОПД тергеу басқармасы бастығының м.а.:
Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторға қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04