Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарында Иранға қарсы соғысты тоқтату, Тайвань, сауда, сирек металл тәрізді проблемалар бар. Кездесуге америкалық ірі компаниялардың басшылары да қатысып жатыр.
Былтыр екі экономикалық держава бір-бірінің тауарларына тарифті көтеріп, сауда соғысын жүргізгені белгілі. Содан кейін тараптар тайталасты тоқтатуға уағдаласты. Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ пен Қытай қазір сол ымыраны жалғастыруға мүдде танытып, оны ары қарай жалғастыру бойынша келісім жасау жолдарын қарастырып жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04