Үндістанда қатты дауылдан 111 адам мерт болды
Кеше Үндістанның Уттар-Прадеш штатында дүлей дауылдан 111 адам мерт болды. 50-ден астам тұрғын жараланған. Марқұмдардың көбіне жарнама тақталары, дүңгіршіктер мен ағаш құлап, найзағай түскен. Бірнеше тұрғын үйге зақым келді. Өңірде жаңбыр, бұршақ жауған. Жүзден астам мал қырылып, ауыл шаруашылығына айтарлықтай шығын келді. Табиғи апат болған аудандарда шұғыл қызмет тобы мен полиция жұмыс істеп жатыр. Олар жолдарды тазартуға кіріскен. Ауа-райы мамандарының болжамынша, мұндай күн райы тағы бір тәулікке жалғасуы мүмкін.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04