ДДСҰ: Конгода 900 адам эбола жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілікті
Конго Демократиялық Республикасында 900-ден аса адам эбола вирусын жұқтырған болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Оған сай, 100-ден астам адамның қауіпті індетті жұқтырғаны расталған. Ал вирус белең алған Итури провинциясында 5 миллион адам тұрады. Мұнда әр төрт тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж. Ұйымның мәліметінше, Африка елдерінде эболаның кең таралу қаупі жоғары. Алайда, жаһандық деңгейде қатер жоқ. Айта кетсек, мамырдың 17-де Конго мен Угандада вирустың өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04