Астанада өтетін форумда маңызды құжаттар бекітіледі
Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің форумында бірқатар маңызды құжаттар бекімек. Экономикалық интеграция, цифрландыру және технологиялық дамудың болашағы да назардан тыс қалмайды. Барлығы 30-ға жуық іс-шара жоспарланған. Жиынға халықаралық ұйымның 130-дан астам өкілі қатысады деп күтілуде. Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан және басқа да елдерден 70-ке жуық делегат келеді. «Қазақстан одақ органдарына төрағалығын сәтті жүзеге асыруда» дейді шетелдік сарапшылар.
Александра Перминова, Ресей ғылым
академиясы ХАА Орталық Азия зерттеулер орталығының басшысы:
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуде. Басым бағыттар қатарында транзиттік тасымалдарды жеңілдету, жүк қозғалысына электронды бақылау жүйесін енгізу бар. Ұйымның әлеуеті үлкен. Қазақстан цифрландыру, жасанды интеллект, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына басымдық берді. Сондықтан бұл форум ұйымның тиімділігін арттырып, бар кедергілер жойылады деп ойлаймын. Сондай-ақ кооперациялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек.
Автор
Индира Бегайдар
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04