«Ұлттық қор – балаларға»: $900 млн аударылды
Елімізде бала құқықтарын қорғау күшейтіледі. Енді омбудсмендер балалар
бар барлық ұйымға, соның ішінде жабық мекемелерге де кедергісіз кіру құқығына
ие болды. Жаңа шара кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг және
зорлық-зомбылық жағдайларында жедел әрекет ету үшін жасалып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова айтты. Оның сөзінше, қазір еліміздің
барлық аймағында психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. Былтыр ол
жерге 28 мың бала кәсіби көмек сұрап жүгінген.
Шынар Ақпарова, Оқу-ағарту
вице-министрі:
Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер институты буллинг, зорлық-зомбылық және балаларға қатыгездік көрсету жағдайларында басқа құрылымдардан тәуелсіз әрі жедел әрекет ететін тиімді тетік. Әрбір келеңсіз жағдай уәкілдердің жеке бақылауында болады және бұл барлық мемлекеттік органның қызметін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Балаларға қамқорлықтың тағы бір тетігі «Ұлттық қор – балаларға» жобасы.
Биыл жоба аясында балалардың жеке шоттарына 900 млн доллар аударылды. Қазір
елімізде 6 млн 900 мыңнан астам бала бар. Соңғы он жылда жасөспірімдер саны 1,5
миллионға өскен. Демографиялық өсімге байланысты мемлекет балаларды қаржылай
қолдау шараларын күшейтіп отыр. Мәселен, бағдарлама іске қосылған 2024 жылы әр
балаға шамамен 100 АҚШ доллары берілген еді. Биыл бұл сома 130 долларға жетті.
Жоба балаларға кәмелет жасына толғанда сапалы білім алуға, мамандық меңгеруге
және баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04