«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
«Ақтөбе - тарының астанасы!» Бүгін осындай атаумен ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті.
Шаһардың орталық алаңындағы көрмеге келушілер тарыдан дайындалған елуге жуық тағамнан дәм татты. Сондай-ақ шоколадты жент әзірлеуден шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Даңқты диқан Шығанақ Берсиевтің жерлестері - Ойыл ауданынан келген делегация тарыны дәстүрлі әдіспен дайындау тәсілдерін көрсетті. Алаңның бір бөлігінде қолөнер бұйымдарының көрмесі де өтті. Қонақтар теріден, киізден және ағаш пен жүннен дайындалған бұйымдарды тамашалады. Гастрофестиваль аясында қоғам белсенділері, сарапшылар мен агрономдар тары өсіру дәстүрін жаңғырту жолдарын талқылады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04