Францияда тәртіпсіздіктер кезінде 800-ге жуық адам тұтқындалды
Францияда футбол жанкүйерлері мен полицейлер қақтығысып, 219 адам жараланды. Тағы 800-ге жуығы тұтқындалған. Тәртіпсіздіктер Будапеште өткен матчта «Пари-Сен-Жермен» командасы Англияның «Арсеналын» жеңгеннен кейін басталды.
Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір 8 адам ауыр халде жатыр. Сонымен қатар жеңісті тойлаудан басталған тәртіпсіздіктер кезінде Парижде автобустар мен пойыздардың қызметі тежеліп, 57 полицей зардап шекті.
Фейерверктер мен сигналдық ракеталар атқан фанаттарды тарату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататынын газ қаруын қолданды. Тағы бір айта кететін жайт, қақтығыс кезінде алты автомобиль мен екі кәсіпорын зақымданып, жол апатынан бір адам қаза тапты.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04