211 млн теңгені жымқырды деген күдікпен мердігер қамауға алынды
Ақмола облысында әлеуметтік тұрғын үй құрылысына бөлінген 211 млн теңгені жымқырды деген күдікпен мердігер қамауға алынды. Тергеу дерегінше, Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында құны 1 млрд теңгеден асатын тұрғын үй құрылысына келісімшарт жасалған. Алайда мердігер аванстық төлем алу үшін жалған сақтандыру құжаттарын ұсынып, 211 млн теңге аудартқан. Құрылыс жұмыстары толық аяқталмай, нысан пайдалануға берілмеді. Көкшетау қаласы прокуратурасының дерегінше, күдікті қаражаттың бір бөлігін өз қажетіне жұмсап, қолма-қол ақшаға айналдырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04