Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 34 жыл бұрын дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары - Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді. Жаңа мемлекеттің айшықты келбеті қалыптасты. Мемлекеттік рәміздер - ел егемендігі мен ұлттық бірегейліктің, тәуелсіздік пен тұтастықтың символы. Көк Ту - бейбітшілік пен болашаққа деген сенімді, Елтаңба - мемлекеттіліктің берік негізін, ал Әнұран - халықтың азат рухы мен елге деген сүйіспеншілігін білдіреді. Бүгін еліміздің барлық өңірінде мерекеге арналған патриоттық іс-шаралар өтеді. Мемлекеттік рәміздер күні - әр азаматтың елдік құндылықтарға құрметін арттырып, ұлттық рухты нығайтатын маңызды мереке.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04