Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
Қостанайда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ауқымды құқықтық марафон өтті. Оған құқық қорғау және арнайы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, бизнес қауымдастық пен медицина ұйымдарының өкілдерінен құралған 12 команда және 300-ден астам қатысушы қатысты. Шара зияткерлік әрі командалық форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар заңнама саласындағы білімдерін, өзара іс-қимыл дағдыларын және командамен тиімді жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Марафонның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын нығайту және заңға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру. Себебі, заңды сақтау әр адамның жеке жауапкершілігінен, тәртібі мен күнделікті іс-әрекетінен басталмақ.
Автор
Айнұр Маратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04