Жазда ішек инфекциясы көбейеді
Жаз мезгілінде ішек инфекциясынан қауіп артады. Мамандардың айтуынша, ыстық күн бактериялардың жылдам таралуына әсер етіп, аурудың ауыр түрлеріне әкелуі мүмкін. Ішек инфекциялары көбіне лас қол, дұрыс жуылмаған жеміс-жидек, сапасыз тағам және ластанған су арқылы жұғады. Аурудың негізгі белгілері – құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі және іштің ауыруы. Дәрігерлер жедел жәрдем шақыруды қажет ететін төрт қауіпті белгіні атады: есінен тану, қатты әлсіздік немесе шамадан тыс мазасыздық, су іше алмау және құрысу. Әсіресе бес жасқа дейінгі балалардың ауруға шалдығу қаупі жоғары. Сондықтан бала өзін нашар сезінсе, дереу медициналық көмекке жүгінген жөн.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04