Геологияны дамыту жолдары қаралуда
Астанада C5+1 форматындағы халықаралық отырыс басталды. Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ өкілдері қатысып жатқан жиында бірлескен жобалар талқыланады. Басты тақырып - геологияны дамыту. Қазақстанда пайдалы қазбаларды барлауға арналған инвестицияның көлемі былтыр 100 млрд теңгеге жетті. Бірақ бұл жеткіліксіз. «Сондықтан бүгінгі форумның біздің елге берері көп. Жаңа ірі жобаларға жол ашылады», - дейді сарапшылар.
Еске салсақ, С+5 форматында келіссөз өткізу жөнінде тараптар былтыр Мемлекет
басшысының Вашингтонға сапары кезінде келіскен еді.
Азамат Панбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы:
Біз АҚШ-қа қажетті 60 металдың 25-ін қамтамасыз ете аламыз. Бірақ ол үшін кейбір бағыттарға тиісті инвестиция тарту керек. Бұл бағытта АҚШ-та инвестициялар ғана емес, технологиялар да бар. Біздің мақсатымыз - сол инвестицияларды тарту.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04