Курчатовтықтар Ертіс жағасын тазалады
«Ертіс таза жағалаудан басталады». Осындай атаумен Курчатов қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауқымды экологиялық сенбілік өтті. Ертіс өзенінің жағалауына жиналған 200-ге жуық тұрғын мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары айналаны қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 5 тоннаға жуық қалдық шығарылды. Биыл Курчатовта 33 мың түп гүл егілген. Сонымен қатар 3 мыңнан астам көшет отырғызылмақ. Қала жастары жаз бойы жасыл желек күтіміне ерекше көңіл бөлеміз деп отыр.
Болат Әбідрәлиев, Курчатов
қаласының әкімі:
Биылдың өзінде қыстан кейін 300 тоннадан аса қоқыс шығарылды. Ол жұмыс бізде жалғасады. Қаланың келбеті, тазалығы жақсы. «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жақсы көмектесуде. Өзіміздің комуналдық қызметтер бар, аянбай жұмыс істеуде.
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04