Пәкістан әуе күштерінің шабуылынан 13 адам қаза тапты
Пәкістан әуе күштері Ауғанстанның үш провинциясына соққы берді. Соның салдарынан 13 адам қаза тапқан. Мерт болғандардың 11-і бала. Тәліптер үкіметінің дерегінше, тағы 14 тұрғын жараланған. Зардап шеккендердің де көбі – балалар. Алайда, Пәкістан көрші елдің Кунар, Хост, Пактика провинцияларында бейбіт халыққа емес, содырларға шабуыл жасап, 26 адамды өлтіргенін мәлімдеді.
Айта кетсек, ресми Исламабадтың сөзінше, Кабул Пәкістан жерінде теракт жасаған қарулы топтарға пана беріп отыр. Ауғанстан бұл мәліметті үнемі жоққа шығарып келеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04