Ұлыбританияда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды
Ұлыбританияда 16 жасқа толмағандарға Snapchat, TikTok, YouTube, Instagram, Facebook және X сияқты платформаларға кіруге тыйым салынды. Шектеу 2027 жылдың көктемінде күшіне енбек. Мұндай тыйым күші мессенджерлерге тарамайды. Сонымен бірге билік өкілдері 18 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді түнгі уақытта пайдалануға тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұған дейін Ұлыбритания Apple мен Google-дан балаларды қорғау шараларын күшейтуді талап еткенін хабарлаған едік.
Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:
Заңдар - бұл ережелер, сонымен бірге құндылықтарымыздың көрінісі. Бұл балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оларды бақытты етеді. Жаңа шектеудің арқасында балалардың бос уақыты, есеюге еркіндігі, жалпы мүмкіндіктері мол болады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04