Парижде аптап ыстық
Францияда аптап ыстық. Соңғы мәліметке қарағанда, Парижде ауаның температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, туристер мен жергілікті тұрғындар көлеңкелі жерлерден пана іздеп, су жағаларына көптеп барып жатыр.
Елдің ұлттық
метеорологиялық қызметінің хабарлауында, Францияның кейбір аудандарында апта соңында
сынап бағанасы 40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.
Айта кетсек, бұл мемлекет биылдыққа ерекше ыстыққа екінші рет тап болып отыр. Оның бірінші толқыны Бесінші Республикаға мамырда жетті.
Зерттеулерге қарағанда, Францияда жыл сайын ыстықпен байланысты аурулардан 5 мыңнан астам адам қайтыс болады.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04