Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті
Президент Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичпен, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Морамен кездесті.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшыларымен өткен келіссөздер нәтижесін жоғары бағалады. Тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара бейіл екендерін айтты. Президент Еуропалық инвестициялық банкпен серіктестік нәтижелі жүзеге асып жатқанына ризашылығын білдіріп, ынтымақтастық одан әрі жалғасатынына сенім білдірді. Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі салалардағы ортақ бастамаларды ілгерілету мақсатында конструктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04