Әзербайжан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымына қосылды
Ислам Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы бүгін Астанадағы штаб-пәтерінде ұйымның жаңа институционалдық дәстүрін бастады. Әзербайжан Республикасының ұйымға толыққанды мүше мемлекет ретінде қосылуына орай Туды көтеру рәсімін өткізді. Ұйымның бас директоры Берік Арын бұл қадам азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту бағытындағы ынтымақтастықты күшейтетінін атап өтті. Рәсім барысында Әзербайжанның ұйымға қосылуы маңызды тарихи кезең ретінде бағаланды. Елдің ұйым Жарғысын ратификациялауы бағдарламаларға толық қатысуына мүмкіндік береді. Осылайша Әзербайжан аталған ұйым тарихындағы жаңа институционалдық дәстүрдің алғашқы қатысушысы атанды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04