«Ауыл» партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті
«Ауыл» партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті. Бүгін саяси ұйымның кезектен тыс 26-шы съезі өтті. Үміткерлер қатарына 69 адам енген. Оның 29 пайызы әйел. Партияның сайлауалды бағдарламасы 4 негізгі бөлім мен өңірлерді дамытуды көздейтін 7 бағыттан тұрады. Негізінен азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім-ғылым, экология, отбасылық құндылықтарға басымдық берілген.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Нақты 7,5 млн халық ауылдық жерде тұрады. Яғни, әрбір үшінші қазақстандық ауылдық жерде тұрады. Сондықтан экономикалық тұрғыда жаңа жұмыс орындарын, жаңа өндірістерді қалай дамытамыз, мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласын қолдаудың жаңа тәсілдері қандай болмақ, жеңілдетілген несие, субсидия саясатын, басқа да мәселелерді сайлауалды бағдарламамызда қарастырып, жетілдіріп жатырмыз. Құрылтайға өтіп жатсақ, біздің бағытымыз осы болады.
Автор
Назерке Өтеген
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04