Қазақстандықтардың 87% елдің саяси бағытын қолдайды
Қазақстандықтардың 87 пайызы елдің саяси бағытын қолдайды. ATAMetrics жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі осындай. Оған еліміздің барлық өңірінен 8 мың тұрғын қатысты. Нәтижесінде респонденттердің 87,8 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп бағалаған. Ал 75,6 пайызы алдағы сайлауға қатысуға дайын екенін айтқан. Партиялар арасында ең жоғары қолдау «Әділет» партиясына тиесілі – 54,2 пайыз. Сонымен қатар сайлаушылардың 22,6 пайызы әлі қай партияға дауыс беретінін анықтамаған. Зерттеу қоғамда саяси бағытты қолдау деңгейі жоғары екенін және азаматтардың сайлауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04