Алматыда жыл соңына дейін 8 мың автотұрақ ақылы болады
Алматыда тағы 8 мыңға жуық автотұрақ ақылы болады. Осылайша, жыл соңына дейін алып шаһардағы ақылы автотұрақтардың жалпы саны 25 мыңға жуықтайды. Қазір қалада 17 мыңнан астамы жұмыс істеп тұр.
Шаһар әкімдігінің мәліметінше, ақылы автотұрақтар ең алдымен қаланың негізгі магистральды көшелерінде орналасады. Бұл өзгеріс мегаполистегі көлік қозғалысын жеңілдетіп, автотұрақ орындарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Олардың айтуынша, ақылы тұрақ аймағына іргелес тұратын көлік жүргізушілері де назардан тыс қалмайды. Тұрғындарға арнайы жеңілдік жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04