«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
«Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екінші кезеңі еліміздің 12 облысында өтті. Яғни, бір мезетте Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ұйымдастырылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен жүзеге асқан іс-шара аясында 58 бұлақ пен 35 су айдынының аумағы тазартылды. Тазалық акциясына 11 мыңнан аса адам қатысты.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация
министрі:
Мақсатымыз - жалпы қоғамның ішінде табиғатқа, оның ішінде әрине су ресурстарын үнемдеу, оны ұтымды пайдалану мәселесіне назар аудару. Мемлекет басшысы өз сөзінде айтқан, біз су пайдалану барысында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру керек деген. Министрлік осы бағытта белсенді түрде жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Автор
Айнұр Маратқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04