ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының жастары Дұбығалы көлінің жағалауы мен оған іргелес аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартты. 50-ге жуық белсенді 1 гектар жерді ретке келтіріп, 300 қап қоқыс жинады. Жоба «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында өтті. Аймақта дәл осындай тазалық жұмыстары апта сайын ұйымдастырылып тұрады. Оған ауыл тұрғындары бірлесіп атсалысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04